Лента новостей

Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды

Пайдалануға әлі берілмеген айналма автомобиль жолында жол апаты орын алды

Алматы іргесіндегі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолындағы (ҮАААЖ) алғашқы ірі жол апат видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға салдарынан жеңіл көліктің алдыңғы бөлігі түгелдей қираған. Алматы облысының полицейлері бұл жол-көлік оқиғасы шынымен де, салынып жатқан ҮАААЖ тасжолында болғанын растады.

"2023 жылғы 15 наурызда сағат 15:00 шамасында 35 жастағы жүргізуші BMW автокөлігімен ҮАААЖ тасжолында оңтүстік бағытта, 17-шақырымда келе жатып, рөлге ие бола алмай кедергіге соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші дене жарақатын алды", - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

 

Жүргізушінің өзі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жол компаниясының қызметкері екендігін, сонымен қатар жолдың әлі пайдалануға берілмегендігін атап өтті полиция.

Сурет: Tengrinews.kz

Просмотров (1895)
ТопДок 1