Лента новостей

Ақорда соңғы кадрлық ауыс-түйістерге қатысты мәлімдеме жасады

Ақорда

Мәлімдемені президент көмекшісі Руслан Желдібай жасады.

Қазақстан президентінің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың айтуынша, елдегі соңғы кадрлық ауыс-түйістер қалыпты кадрлық ротация, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
 

Оның сөзінше, бұл өзгерістердің мақсаты – мемлекеттік қызметтің ең маңызды бағыттарындағы жұмыстың тиімділігін арттыру.

"Мемлекет басшысы жуырдағы Жолдауында ұлттық экономикаға түсетін инвестиция көлемін арттыруды басым міндеттің бірі ретінде белгіледі.Бұл маңызды сала тәжірибелі дипломат Мұрат Нұртілеуге жүктелді. Президенттің көмекшісі ретінде ол халықаралық инвестициялық және сауда ынтымақтастығын ілгерілету мақсатында шет мемлекеттердің жоғары деңгейдегі өкілдерімен, сондай-ақ әлемдік ірі компаниялардың жетекшілерімен байланысты дамытады", - деді Руслан Желдібай

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Мәдиев Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды.

Ведомство басшысы Жолдауда айтылған Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру жөніндегі мақсатты іске асырумен шұғылданады.

"Президент министрге стратегиялық маңызы зор жұмысты атқаруға қатысты бағыт-бағдар берді", - деп жазды Руслан Желдібай

Сонымен қатар Премьер-министрдің келісімі бойынша Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменованы Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындау туралы шешім қабылданды.

Жаңа министр қоғамдағы белсенді қызметімен және білім беру саласындағы мол тәжірибесімен белгілі.

Жұлдыз Сүлейменоваға дейін министрлікті Ғани Бейсембаев басқарған. Бүгін, 29 қыркүйекте, мемлекет басшысының жарлығымен ол бұл қызметінен босатылды.

Сурет: Aqorda.kz 

Просмотров (466)
ТопДок 1