Лента новостей

ARNAPRESS ПОДКАСТ: Семейліктер қаладан ауылға барса қандай көмектер ала алады?

ARNAPRESS ПОДКАСТ

Біз жаңа жобамызды жалғастырамыз — ARNAPRESS ПОДКАСТ. Бұл – бейне форматтағы жоба, онда студиямыздың қонақтарымен қала мен ел үшін маңызды тақырыптарды талқылаймыз. Ашық әрі бүкпесіз сөйлейміз. Бағдарламаға қоғам белсенділері, мемлекеттік қызметкерлер, сарапшылар, танымал тұлғалар мен шығармашылық өкілдері шақырылады. Біздің шығарылымдарды жіберіп алмаңыздар!

Назарларыңызға ARNAPRESS ПОДКАСТ жобасының бірінші маусымындағы он үшінші шығарылымды ұсынамыз.

Жобаның ұраны: "ARNAPRESS ПОДКАСТ: бүкпесіз әңгіме!"

Жүргізуші: Гүлнұр Ахметжан

Студия қонағы: "Қаладан ауылға" жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының мүшесі Қанат Тұрар

Бүгінгі тақырып: "Қаладан ауылға" пилоттық жобасының міндеттері мен талаптары қандай? Жобаға кімдер қатыса алады? Ауылға барған жағдайда қандай көметер бар? Тұрғындар ауылды қалай таңдап, кімдерге хабарласады?

"Ауыл – кез келген елдің күре тамыры. Сондықтан ауылды дамыту – мемлекеттің тұрақты дамуының негізі.  Бүгінде елімізде көптеген өнімдер сырттан импортталады. Алайда экологиялық таза, табиғи тағамның негізгі көзі – ауыл. Сол себепті өз өндірісімізді дамытып, ішкі сұранысты өз өнімімізбен қамтамасыз ету маңызды", - деді спикер

Қанат Тұрардың пікірінше, бұл бағыттағы ең басты қадам – жастарды ауылға тарту. Өйткені ауылдың жүрегі – мектеп. Егер мектептерде бала саны азаймаса, ауылдың да тіршілігі жанданып, болашағы айқын болмақ. Әсіресе, мектеп жасындағы 2-3 баласы бар отбасыларға басымдық беру қажет.

"Ауыл өркендеу керек, даму керек. Біз қаладағы мектеп жасындағы балаларды ауылға қайта бағыттап, жаңа ұрпақты тәрбиелеп, ауылдың болашағын сақтай аламыз. Ұлттық өндіріс, ауыл және мектеп – болашаққа жол ашатын негізгі факторлар", – дейді ол.

Сонымен қатар, халық саны артқан сайын ауылда кәсіп те дами бастайды. Тұрғындар мал өсіріп, егін егіп, өнімін сатып, өз тіршілігін жүргізеді.

"Қазіргі таңда ауылдарға қажетті мамандардың нақты тізімі бар. Атап айтқанда, мұғалімдер, фельдшерлер, дәрігерлер секілді мамандықтарға сұраныс жоғары. Облыс бойынша бүгінде 1100-ден астам бос жұмыс орны бар. Жоба аясында негізгі қолдау еңбекке қабілетті, балалы отбасылар мен жұмыс істеуге ниетті азаматтарға бағытталған. Ал зейнеткерлерге арнайы қолдау қарастырылмаған" , - дейді Қанат Тұрар

Әр ауыл өз мүмкіндігіне қарай қолдау көрсетеді: кейбірі мал берсе, енді бірі басқа да көмек түрлерін ұсынады.

Бұл әңгімеміз әрбіріңізге қызықты және маңызды. Сондықтан толық видеоны мына жерден көре аласыздар!

Он екінші шығарылым діни экстремизмге қарсы тұру, секталар мен радикалды ұйымдарға тартудың әдістері және сол тұзаққа ілінбеудің жолдары туралы мына жерден көре аласыздар!

Жаңа шығарылымдарды жіберіп алмай, біздің каналға жазылып алыңыздар және подкасттырды оқыңыздар!

Просмотров (177)
ТопДок 1