Лента новостей

Абай облысында бір күнде 41 орман өрті шықты

өрт, Семей орманы, ошақ

2026 жылғы 20 шілдеде Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында найзағайдың салдарынан 55 орман өрті тіркелді. Өрт ошақтары еліміздің бірнеше өңірінде бір мезгілде өткен найзағайлы фронттан кейін пайда болған, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР экология және табиғи ресурстар министріне сілтеме жасап. 

Өрттердің басым бөлігі Абай облысындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында тіркелді – 41 өрт. Сондай-ақ "Ертіс орманы" резерватында – 9, Шығыс Қазақстан облысында – 3, "Наурызым" мемлекеттік табиғи қорығында – 1, "Баянауыл" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 1 орман өрті анықталды.

Мамандардың жедел әрекетінің арқасында барлық өрт ошақтары дер кезінде анықталып, оқшауланды, сөндірілді немесе толық бақылауға алынды. Соның нәтижесінде тілсіз жаудың кең аумаққа таралуына және ірі орман өрттерінің шығуына жол берілген жоқ.

Мамандардың айтуынша, бір ғана найзағайлы фронт қысқа уақыт ішінде ондаған өрт ошағының пайда болуына себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты өрт қауіпті кезеңде орман күзеті тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп, мемлекеттік орман қорын қорғауды жалғастыруда.

Фото: Arnapress.kz

Просмотров (535)
ТопДок 1