Лента новостей

Мойынқұм ауданында алтын өндіретін кәсіпорын аумағына заңсыз кіргендер ұсталды

алтын, кәсіпорын, заңсыз

Сот мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 28 сәуірге қараған түні болған. Жеке күзет ұйымы күзететін, қауіпті өндірістік нысан саналатын алтын өндіруші кәсіпорын аумағына 20 азамат заңсыз кірген, деп хабарлайды Arnapress.kz Жамбыл облысы соттарының ресми Telegram арнасында сілтеме жасап. 

Іс Мойынқұм аудандық сотында қаралып, барлық құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындаған. Сондай-ақ жасаған әрекеттеріне өкініш білдірген. Олардың кінәсі полиция қызметкерлерінің және компания өкілдерінің баянаттарымен, түсініктемелермен дәлелденді.

Сот кінәні мойындау мен өкінуді жеңілдететін жағдай ретінде ескерген. Ал 9 азаматқа қатысты мұндай құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайта жасауы ауырлататын мән-жай деп танылды.

Нәтижесінде сот қаулысымен барлық азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 506-бабы бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сот қаулылары заңды күшіне енді.

Фото: ЖИ

Просмотров (348)
ТопДок 1