Лента новостей

Семейлік тұрғын алимент төлемегені үшін сотталды

алимет, төлемеу, жаза

Семейде жеті жыл бойы алимент төлеуден жалтарған ер адам сотталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz сілтеме жасап. 

Қала тұрғыны кәмелетке толмаған ұлына қаржылай қолдау көрсетпей, он жыл ішінде бес миллион теңгеден астам қарыз жинаған.

Сот шешімімен 38 жастағы азамат кінәлі деп танылып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін ол Семей қаласының Затон аудандық пробация қызметінің есебіне қойылды.

Пробация қызметінде сотталған азаматқа жазаны өтеу тәртібі, сот белгілеген шектеулер және оларды бұзған жағдайда туындайтын жауапкершілік түсіндірілген.

Ер адамның айтуынша, ол өз әрекетінің салдарын енді түсінген. Қазір ұлы 15 жаста, ал осы уақыт ішінде әке баласының өміріне араласпағанын және қажетті қолдау көрсетпегенін мойындады.

"Бұрын алимент төлемдерін кейінге қалдырып, жауапкершіліктен қашуға болады деп ойлайтынмын. Бірақ уақыт өте келе жоғалған жылдарды қайтару мүмкін емес екенін түсінеді екенсің. Бүгінде алимент - жай ғана ақша емес, өз балаңның болашағына деген қамқорлық екенін түсіндім", - деді сотталған азамат.

Затон аудандық пробация қызметінің бөлім бастығы Ерик Усербаев бас бостандығын шектеу жазасы адамға қоғамнан оқшауланбай, түзелуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Фото: ЖИ

Просмотров (214)
ТопДок 1