Лента новостей

Шығыс Қазақстанда оқушы жалған жарылыс туралы хабарлама жіберген

жалған, хабарлама, жарылыс

Шығыс Қазақстан облысында 9-сынып оқушысы әлеуметтік желідегі жанжалдан кейін басқа адамдардың атынан жалған хабарламалар таратқан, деп хабарлайды Arnapress.kz ІІМ министрлігіне сілтеме жасап. 

Полиция мәліметінше, жасөспірім Шымкент қаласы әкімдігі мен Ақтау қаласындағы сауда үйлерінің бірінің электрондық поштасына жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама жіберген. Қылмыс жасау кезінде ол анонимді телефон нөмірлері мен электрондық пошталарды пайдаланған.

Алматы облысында терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама жасаған 9-сыныптың екі оқушысы да ұсталды. Тергеу барысында олардың Астана қаласы мен Алматы облысында тіркелген осындай 14 фактіге қатысы бары анықталған.

ІІМ өкілдерінің айтуынша, мұндай әрекеттер "жай әзіл" болып саналмайды және қылмыстық құқық бұзушылық ретінде қарастырылады. Жалған хабарламалар қоғамда дүрбелең туғызып, шұғыл қызметтердің жұмысына кедергі келтіреді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Полиция азаматтарды тексерілмеген ақпаратты таратпауға және балаларға мұндай әрекеттердің салдарын түсіндіруге шақырды.

 

Просмотров (153)
ТопДок 1