Лента новостей

Семейдегі "Смокк"сауда үйінің қазіргі кейпі

Смокк, сауда үйі, босатуда

Бүгін қаладағы ірі нысандардың бірі – «Смокк» базарында саудагерлер орындарын босатып, алдағы құрылыс кезеңіне дайындық басталады, деп хабарлайды Arnapress.kz 

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте Семей қаласындағы сауда базарларын кезең-кезеңімен жаңғырту мәселесі жан-жақты қаралған болатын. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, қолданыстағы заңнама мен Сауда және интеграция министрлігі бекіткен жол картасына сәйкес өңірде "Мереке", "Смокк" және "Ақшың" базарларын жаңарту жоспарланған.

Жоспарға сай, 2026 жылдың соңына дейін базарлар толық жаңғыртылып, заманауи талаптарға сәйкестендіріледі. Бүгінде "Смокк" базары бойынша жобалық-сметалық құлжаттар дайындалып, инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізілген. Ендігі негізгі мәселе – жылумен қамтамасыз ету. Осыған байланысты облыс әкімі жауапты органдарға баламалы жылу көздерін қарастыруды тапсырған еді.

Жалпы, бұл бастамалар тек сауда орындарын жаңарту ғана емес, тұрғындар мен кәсіпкерлер үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, Семей қаласының сәулеттік келбетін заманауи деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

 

Айта кетейік, қазіргі таңда облыс аумағында 23 сауда базары жұмыс істейді, онда 3 мыңнан астам сауда орны бар. Өңірде "Таза Қазақстан" акциясы аясында да сауда нысандарындағы санитарлық талаптар күшейтіліп, жүздеген кәсіпкерлік субъектілеріне ескерту жасалған.

Облыс әкімі бұл бағыттағы жұмыстардың тұрақты бақылауда болатынын атап өтіп, барлық нысандарда тазалық, қауіпсіздік және бірыңғай сәулеттік талаптардың сақталуы қатаң қадағаланатынын жеткізді.

Фото, видео: Arnapress.kz  

Просмотров (916)
ТопДок 1