Лента новостей

Семейде түнгі рейд: 50-ден астам жасөспірім қараусыз жүрген

жасөспірім, қараусыз, полиция

Семей қаласында түнгі уақытта өткізілген профилактикалық рейд барысында 50-ден астам кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Іс-шараны ювеналдық полиция инспекторлары ұйымдастырды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Рейдтің негізгі мақсаты - жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және түнгі уақытта қараусыз жүрудің алдын алу. Тексеру барысында көшелерде ата-анасының қарауынсыз жүрген жасөспірімдер анықталып, олармен және ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, түнгі уақытта көшеде жүру жасөспірімдер үшін түрлі қауіп-қатерге әкелуі мүмкін. Осыған байланысты ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажеттігі ескертілді.

Абай облысы Полиция департаменті тұрғындарды кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта қараусыз қалуына жол бермеуге шақырып, мұндай профилактикалық шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Просмотров (220)
ТопДок 1