Лента новостей

Қазақстанда тағы бір мереке енгізілді

жаңа күн, тазы, 3 қыркүйек

Жаңа тармаққа сәйкес, 3 қыркүйек - Қазақы тазы мен төбет күні болып белгіленді, деп хабарлайды Arnapress.kz. zan.gov.kz сілтеме жасап. Үкіметте атап өткендей, бұл күнді енгізу дәстүрлі мұраны сақтау және насихаттауға бағытталған.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Бұл датаның таңдалуының да өзіндік себебі бар. 2024 жылдың 3 қыркүйегінде Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) қазақы тазыны ресми түрде тұқым ретінде алдын ала мойындап, оның стандартын иеленуші ел ретінде Қазақстан мәртебесін бекіткен болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақы тазы мен төбет тұқымын сақтау және дамыту жұмыстарын күшейтуді тапсырған еді. Кейін Қазақстан кинологтары одағы Халықаралық кинологиялық федерацияның толық құқылы мүшесі ретінде танылды.

Фото: ЖИ

Просмотров (218)
ТопДок 1