Лента новостей

Жылдам пайда уәдесі: Семейде алаяқтық фактісі тіркелді

алаяқтық, пайда, бөлшектер, Абай облысы

Абай облысында полицейлер қосалқы бөлшектерді қайта сату арқылы табыс табуды уәде еткен алаяқтық схеманың жолын кесті деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.

Семей қаласының полициясына 37 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, өзін алдап кеткенін хабарлаған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 27 жастағы қала тұрғыны жәбірленушінің сеніміне кіріп, автокөлік қосалқы бөлшектерін сатып алып, кейін оларды үстеме бағамен қайта сату арқылы пайда табуды ұсынған. Күдікті "тиімді бизнес" туралы айтып, 250 000 теңгені иемденген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, полиция басқармасына жеткізілді. Тергеу кезінде ол өз кінәсін мойындаған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде келу міндеттемесі түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (132)
ТопДок 1