Air Astana әуекомпаниясы рейстердің кешігуі мүмкін екендігі туралы хабарлады. Әуежайда дауылдың салдарынан төрт ұшақ зақымдалды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап7
Әуе тасымалдаушысының мәліметінше, рейстер 8 тамызда Астанадағы дауыл мен бұршақ салдарынан кешігеді.
"Қазіргі уақытта әуекомпания бұршақ салдарынан төрт ұшақтың зақымдануын тіркеді. Әуекомпания инженерлері бірнеше күн қажет болатын қажетті тексерулер мен жөндеу жұмыстарын жүргізеді", – делінген хабарламада.
Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов