Семей қаласында 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай бірқатар мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасап, Arnapress.kz хабарлайды.
Аталған мереке - ел тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп жүрген азаматтарға құрмет көрсетіп, ерлік пен батырлықты ұлықтайтын маңызды күн.
Мерекелік бағдарлама аясында қала тұрғындары мен қонақтары үшін бірнеше іс-шара жоспарланған:
5 мамыр күні сағат 10:00-де Интернационалист-жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Бұл шара – әскери борышын абыроймен атқарған жандарға тағзым білдірудің белгісі.
6 мамыр күні сағат 17:00-де Семей қаласының Мәдениет сарайында "Ұлт қорғаны - ерлік өнегесі" атты салтанатты жиын ұйымдастырылады. Онда ел қорғаған азаматтардың еңбегі дәріптеледі.
Ал 7 мамыр күні сағат 11:00-де Жеңіс саябағында "Ерлік - елге мұра" атты мерекелік концерт өтеді. Концерт барысында қала тұрғындарына патриоттық әндер мен мерекелік бағдарлама ұсынылады.
Айта кетейік, бұл іс-шаралар жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге, әскери қызметтің мәртебесін арттыруға бағытталған.
Қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік шараларға қатысуға шақырылады.
Фото: ЖИ
