Лента новостей

Алматы әуежайында ірі есірткі контрабандасының жолы кесілді

есірткі, тасымал, Алматы

Алматы халықаралық әуежайында ірі көлемдегі есірткі тасымалының жолы тоқтатылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Бангкоктан келген рейсті тексеру барысында шамамен 11 келі гашиш майы тәркіленген.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде полиция қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Бангкок–Алматы бағыты бойынша ұшып келген 20 жастағы шетел азаматын ұстады. Жеке тексеру барысында одан гашиш майы құйылған 12 пластикалық ыдыс табылып, тәркіленді.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікеновтің айтуынша, жыл басынан бері Қазақстанда есірткі контрабандасының 57 дерегі тіркелген.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 286-бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл бап бойынша мүлкін тәркілеумен қатар 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Құзырлы органдар еліміздің транзиттік әлеуетін заңсыз есірткі тасымалы үшін пайдалануға жол бермеу бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

Фото: ЖИ

Просмотров (158)
ТопДок 1