Лента новостей

Әлеуметтік қолдау: Қазақстанда жаңа кәсіпке жол ашатын 9 мың грант

бизнес, грант, Бастау-Бизнес

2026 жылы әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 400 АЕК-ке дейін, яғни 1 730 000 теңге көлемінде 9 мың мемлекеттік грант беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, бұл қолдау шарасы халықтың кәсіпкерлік белсенділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.

Өтінімдер Business.enbek.kz порталы арқылы қабылданады. Грант алу үшін үміткерлердің тіркелген жұмыссыз немесе жеке кәсіпкер мәртебесі болуы қажет.

Сонымен қатар, үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың біріне жатуы тиіс:
– мүгедектігі бар адамдар;
– қандастар;
– өңіраралық қоныс аударушылар;
– аз қамтылған отбасы мүшелері;
– көпбалалы отбасы мүшелері;
– мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар;
– асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.

Үміткердің соңғы 3 жыл ішінде берілген "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері курсын аяқтағаны туралы сертификаты болуы міндетті.

Грант бір рет беріледі және шағын бизнесті бастауға бағытталған. Қаражат құрал-жабдық, техника, шикізат сатып алуға немесе кәсіпті дамытуға жұмсалады.

Гранттарды Еңбек мобильділігі орталықтары арнайы комиссия шешімі негізінде тағайындайды. Жобаға қатысу үшін Skills Enbek платформасы арқылы тіркеліп, қажетті оқу курсын таңдау қажет.

Фото: ЖИ

Просмотров (124)
ТопДок 1