Лента новостей

Ресейден Семейге әкелінген қарағайдан аса қауіпті зиянкес табылды

ағаш, материял, қарағай, дәрнәсіл, Ресей, Семей

Абай облысында Ресей Федерациясынан әкелінген карантиндік ағаш материалының еліміз аумағына өткізілуіне жол берілмеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Ауыл шаруашылығы минстрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық инспекциясы инспекторлары жүргізген карантиндік фитосанитариялық бақылау барысында қауіпті карантиндік зиянкес анықталды.

Қайталама тексеру кезінде Ресей Федерациясынан Семей қаласына жеткізілген көлемі 58,2 текше метр қылқан жапырақты дөңгелек ағаш материалынан (қарағай) қарағайдың қара мұртты қоңызының (Monochamus galloprovincialis) дернәсілдері табылды. Бұл зиянкес орман қорына елеулі қауіп төндіретін аса қауіпті карантиндік нысандардың бірі болып саналады.

Аталған құқық бұзушылыққа байланысты мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама рәсімдеді.

Іс материалдары мәні бойынша қарау және тиісті процестік шешім қабылдау үшін Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотына жолданды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі карантинге жатқызылған өнімдерді ел аумағына әкелу кезінде фитосанитариялық заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салады. Бұл талаптар қауіпті карантиндік зиянкестердің таралуына жол бермей, еліміздің орман қорын және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған.

Фото: ЖИ

Просмотров (132)
ТопДок 1