Лента новостей

Қарағайлы тұрғындары инфрақұрылым мен көгалдандыру мәселесіне алаңдаулы

тоғай, суарылмайды, асфальт

Arnapress.kz редакцияcына  Қарағайлы ықшам ауданының тұрғындарынан жаңа егілген ағаштардың күтімсіз қалғаны және жол инфрақұрылымындағы кемшіліктерге қатысты шағым келіп түсті.

Тұрғындардың айтуынша, өткен жылы отырғызылған көшеттер тиісті деңгейде суарылмай отыр.

“Былтыр отырғызылған ағаштар. Буып тастаған және мүлдем суарылған жоқ. Бүршік жармай тұр”, - дейді тұрғын.

Сонымен қатар, жол жабынының сапасына қатысты да мәселе көтерілген.

“Су шайып асфальт былтырдан бері осылай жатыр. Таспен бітеп қойған, машина жүрген сайын ол ұшып жатыр. Провоттар да ашық, жерде жатыр. Бәрі аяқталмаған. Район жаңа, сәнін кетірмей әкімдіктер шара қолданса деген өтінішіміз бар”, - деп өз өтінішін де жеткізді.

Тұрғындар нақты мекенжайларды да атап өткен.

“Қарағайлыда 105 үйге бұрылатын тұста кезінде қазып тастаған, осыны асфальттаса болады гой. 44 ші үйдің жанында”, - дейді тұрғын.

“Бұл да Қарайлы. Қиылыста. Кезінде тротуар болған. Қазған, сол күйі қалды. Бұл да кешеннің сәнін бұщып тұр. Брющатканың бәрі үйіліп 2 жыл болды жатқанына. Бұл Абай аренаның маңайы”, - деп жаны ашушылық танытып бірнеше видео жіберген екен.

Аталған мәселелер бойынша құзырлы мекемелер тарапынан нақты шаралар қабылданады деп үміттенуде. 

Видео: Тұрғыннан

Просмотров (221)
ТопДок 1