Лента новостей

Семейдегі Бейбітшілік аралындағы жаңа нысан: Рәміздер алаңының құрылысы басталды

Жаңа нысан, Рәміздер алаңы, Солтүстік қазақстан

Бейбітшілік аралында ("Өлімнен де күшті" монументінің жанында) "Абайға құрмет" акциясы аясында Солтүстік Қазақстан облысы өңірімізге тарту еткен Рәміздер алаңының капсуласын салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz.

Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли қатысып, аталған жобаның маңызына тоқталды. Айта кетейік, "Абайға құрмет" акциясы аясында еліміздің әр өңірі Абай облысына әлеуметтік, мәдени және білім беру бағытында бір-бір нысан салып беруді қолға алған.

Облыс әкімі өз сөзінде жаңа Рәміздер алаңы Бейбітшілік алаңында бой көтеретінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл - тарихы терең, киелі орындардың бірі. Енді Абай облысы қайта құрылған тұста биіктігі 35 метр болатын Рәміздер алаңы салынбақ. Биыл еліміздің тәуелсіздігіне 35 жыл толуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысы нысанның биіктігін символдық мәнге сай таңдаған.

“Жаңа Рәміздер алаңы Бейбітшілік алаңында бой көтереді. Енді Абай облысы қайта құрылған тұста биіктігі 35 метр болатын Рәміздер алаңы салынбақ. Биыл еліміздің тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай Солтүстік Қазақстан облысы нысанның биіктігін символдық мәнге сай таңдаған. Бұл жоба қаланың сәулеттік келбетін айшықтап, тарихи маңызын арттыра түспек. Өңір тарихында алғаш рет салынғалы отырған Рәміздер алаңы жоспар бойынша құрылысы 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай алғашқы кезеңі аяқталуы тиіс”, - деді облыс әкімі Берік Уәли.

Рәміздер алаңы диамері 28.0 метр болатын дөңгелек пішінде жобаланған, құрылысы айналымы биіктікте орындалады. Жиында бұдан бөлек Бейбітшілік аралында аумағы 56 гектарды құрайтын экологиялық саябақ салу жоспары да айтылды.

Сонымен қатар, қалада бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтермек. Атап айтқанда, Жекпе-жек сарайы қаланың сол жағалауындағы Заря ауданында салынады. Бұған қоса, Шымкент қаласының шығармашылық орталығымен қатар, Семей қаласының Водный кентінде мәдениет үйі бой көтермек. Осылайша, өңірде бір емес, екі бірдей әлеуметтік нысан салу жоспарланып отыр.

Фото: Arnapress.kz.

Просмотров (1406)
ТопДок 1