Бұған дейін аязды күндері қалада такси бағасының күрт қымбаттағаны жайлы және қоғамдық көліктерді соңғы аялдамада ұзақ кідіруі мен ұзақ уақыт тұрғындардың күтетінін Arnapress.kz тілшісі хабарлаған еді.
Бүгін 17-ші маршрут бойынша қала ішінде 5 автобус қатынағаны белгілі болғаны жайлы және сол маршрутты жарты сағаттай күткен қала тұрғынының жан айқайын жазған едік. Осыған орай:
"2026 жылдың 13 қаңтарда барлық тасымалдаушыларға ауа температурасының төмендеуіне байланысты әлеуметтік маңызы бар бағыттарда жолаушылар тасымалы үздіксіз қамтамасыз ету үшін қоғамдық көліктердің техникалық дайындығын күшейту қажеттігі жөнінде хат жіберілді.
Соған қарамастан, кейбір тасымаулдаушы ұйымдар жолаушыларды тасымалдау бойынша өздеріне жүктелген шарттық міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті әрі нақты шаралар қабылдамады. Осыған байланысты да 2026 жылы қаңтарда барлық тасымалдаушылардың атына жағдайды шұғыл түрде түзету, сондай-ақ қоғамдық көліктерді бекітілген жоспарға сәйкес желіге толық шығару қажеттігі туралы да хат жолдағанбыз” - деп жауап берді Абай облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (@kolikpress_semey)
Бірақ осындай нақты ескертулер мен хаттарға қарамастан, неге кей тасымалдаушы ұйымдар нақты шара қабылдамай отыр, неге жағдайды түзетуге кіріспей тұр?
