Лента новостей

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген оқушылар Ақордада қонақ болды

балаларды қорғау күні, Елорда

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген 100 оқушы Ақордада арнайы ұйымдастырылған экскурсияға қатысты, деп хабарлайды Arnapress.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президент резиденциясына пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық және спорттық байқаулардың лауреаттары шақырылды.

Экскурсия барысында оқушыларға Ақорданың салыну тарихы мен сәулеттік ерекшеліктері таныстырылды. Сондай-ақ олар ресми қабылдаулар өтетін залдарды аралап, Мемлекет басшысының кітапханасымен танысты және резиденция аумағындағы бақта серуендеді.

Іс-шара барысында жеткіншектер Қазақстанның тарихы мен Тәуелсіздік құндылықтары туралы маңызды мәліметтер алды.

Кездесу соңында балаларға Президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Просмотров (141)
ТопДок 1