Лента новостей

Министрлік Михаил Шайдоровға қатысты жағдайға түсініктеме берді

Шайдоров, дау, мәселе

Михаил Шайдоровқа қатысты мәселе шешімін тапты: келісімшартқа қол қойылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram-каналына сілтеме жасап. 

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа қатысты қоғамда талқыланып жатқан келісімшарт мәселесіне ресми түсініктеме берді.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінгі күні келісімшарт спортшының командасына жолданып, тараптар құжатқа қол қойған. Қол қою рәсімі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізілген.

"Тараптар ортақ мәмілеге келіп, келісімшарттың барлық тармағын жан-жақты талқылады. Құжатқа қол қойылғаннан кейін министрлік оны жұмыс тәртібімен қабылдады. Алдағы уақытта келісімшартта көзделген барлық қаржы толық көлемде төленеді", - деді Серік Жарасбаев.

Сондай-ақ ол Михаил Шайдоровтың 5 маусым күні жаңа маусымға дайындық жұмыстарын бастау үшін АҚШ-қа аттанатынын хабарлады.

Бұдан бөлек, алдағы күндері Михаил Шайдоров өз командасымен бірге Туризм және спорт министрлігіне келіп, жаңа Олимпиада цикліне дайындық, халықаралық жарыстарға қатысу және елімізде мәнерлеп сырғанауды дамыту мәселелерін талқылайды.

Министрлік өкілдері Михаил Шайдоровтың халықаралық аренада табысты өнер көрсетіп, жаңа жетістіктерге жетуіне жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.


Фото: М.Шайдоров инстаграм парақшасынан

Просмотров (140)
ТопДок 1