Лента новостей

Абай облысында жоспарланған 65 медициналық нысан толық салынды

медицина, көрсеткіш, Абай облысы

Абай облысында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін 65 нысанның құрылысы толық аяқталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Аягөз ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

Жалпы еліміз бойынша 813 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілсе, оның 655-і ұлттық жоба аясында жүзеге асырылған. Вице-министр Аягөз аудандық орталық көпбейінді ауруханасына барып, жаңа магниттік-резонанстық томография бөлімшесінің жұмысымен танысты.

Кездесу барысында ауылдық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту мәселесі де көтерілді. Айтуынша, аудандық ауруханаларды көпбейінді ауданаралық медициналық мекемелерге айналдыру жоспарланып отыр. Бұл ауыл тұрғындары үшін жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар халық денсаулығы бойынша оң көрсеткіштер де айтылды. 2025 жылы еліміздегі өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа жетіп, тарихи ең жоғары деңгей тіркелген. Ал Абай облысында бұл көрсеткіш 74,87 жасты құрады.

Нәресте өлімі де төмендеген. 2025 жылдың қорытындысы бойынша республикада бұл көрсеткіш 14%-ға азайса, Абай облысында төмендеу 25,6%-ды құраған.

Тұрғындармен кездесуде медициналық көмектің қолжетімділігі, дәрі-дәрмекпен қамту, кадр тапшылығы және медициналық инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды. Азаматтардың сұрақтарына жауап беріліп, көтерілген мәселелер жауапты бөлімшелердің қарауына алынды

Фото: Министрліктен

Просмотров (204)
ТопДок 1