Лента новостей

Семей мектебінде аналар арасындағы тартысты волейбол сайысы өтті

волейбол, аналар, мектеп, Абай облысы

2026 жылғы 12 ақпанда Семей қаласындағы №51 мектепте 1-4 сынып оқушыларының аналар командасы арасында волейболдан жарыс өтті. Спорттық шараның негізгі мақсаты - ата-аналар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бірлік пен ынтымақтастықты арттыру.

Жарыстың ашылу салтанатында мектеп директоры сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, мұндай бастамалардың мектеп пен ата-ана байланысын нығайтудағы маңызын атап өтті.

Сайысқа 1–4 сыныптан 54 аналар белсенді қатысып, командалар өзара келісім негізінде құрылды. Шараға Аrnapress.kz тілшісі арнайы барып, тартысты ойын барысын бақылап қайтты.

Алаңдағы ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жанкүйерлердің қолдауына ие болды. Нәтижесінде: І орынды - 1-сынып аналарының командасы жеңіп алды, ІІ орынды - 3-сынып аналары иеленсе, ІІІ орынды - 4-сынып аналар командасы алды.

Жарыс қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлап, ата-аналар арасындағы ауызбіршілік пен спортқа деген қызығушылықты арттырды.

Гүлнұр Ахметжан

Просмотров (218)
ТопДок 1