Лента новостей

Курчатовта дәмханаға заңсыз кірген тұрғын бас бостандығынан айырылды

заңсыздық, ұрлық, дүкен, курчатов

Абай облысы, Курчатов қаласында түнгі уақытта дәмханаға заңсыз кіріп, азық-түлік пен алкогольдік ішімдіктерді ұрлаған 61 жастағы ер адам бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Сот оған 3 жыл 6 ай мерзімге жаза тағайындады. Оқиға 2026 жылғы 27 тамызда түнгі сағат 03:00 шамасында болған. Мас күйде жүрген ер адам дәмханалардың біріне заңсыз кіріп, алдымен қоршауды бүлдірген. Кейін жазғы террасаның терезесін сындырып, ғимарат ішіне өткен. Сол жерден азық-түлік пен алкогольдік ішімдіктерді жасырын түрде ұрлаған. Оқиға салдарынан кәсіпкерге 78 370 теңге көлемінде материалдық шығын келген.

Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, күдіктінің қылмысқа қатыстылығын дәлелдейтін қажетті айғақтарды жинаған.

Сот үкімімен ер адам ғимаратқа заңсыз кіру арқылы ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сот мәжбүрлі түрде алкогольден емдеу шарасын қолданып, Жәбірленушілерге өтемақы қорына 86 500 теңге төлеуді міндеттеді.

Фото: Жасанды интеллект арқылы

Просмотров (320)