Астанадағы банктердің бірінде жеті адамды кепілге алған Мурадов қандай жазаға тартылуы мүмкін екені белгілі болды.
Тергеу мүддесіне байланысты соталды тергеп-тексеру деректері жария етілмейді. Алайда қылмыс жасаған күдікті 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені белгілі болды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 261-бабы 2-бөлігі ("Кепілге алу") бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген, ол мүлкін тәркілеп немесе тәркілемей жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады", - деп хабарлады ІІМ.
Еске салайық, Kaspi.kz-тің Астанадағы бөлімшесінде ер адам бірнеше тұрғынды кепілге алған болатын. Желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады.
Сурет: Tengrinews.kz