Лента новостей

Журналистін көлігін өртеді деген күдікті ұсталды

Атырауда журналист Виктор Сутягиннің көлігін өртеді деген күдікті ұсталды.

Полиция белгілі журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

Polisia.kz сайтында шыққан ақпарат бойынша Атырау облысының криминалдық полиция қызметкерлері журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні анықтап, ұстады.

"Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тергеу жалғасуда", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 11 мамырға қараған түні журналист Виктор Сутягиннің көлігі өртеніп кеткен болатын.

Сурет: Tengrinews.kz

Просмотров (2368)
ТопДок 1