Лента новостей

Абай облысында колония аумағына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған азамат ұсталды

Ол түзету мекемесінің қоршауы арқылы екі бөтелке лақтырған  

Абай облысында колония аумағына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай облысы ҚАЖ департаментінің №20 мекеме жедел бөлім қызметкерлері, аумақтық сыртқы периметрді бақылау барысында, тыйым салынған затты лақтырмақ болған күдіктіні ұстады. Семей қаласы тұрғынын жеке тексеру барысында 2 скотч жапсырамсына оратылған орама табылды, орамадан 2 пластикалық бөтелкеде (барлығы 1 литр) спирттік иісі бар сұйықтық тәркіленді. Әңгіме барысында Семей қаласы тұрғынының Дәулет есімді (есімі өзгертілген) сотталғанға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізгісі келгенін мойындады.

– Сотталғандардың “қамқор” туыстары ескертулер мен түсіндірулерді ескерместен тыйым салынған заттарды мекеме аумағына кіргізуге тырысады. Енді Семей қаласының тұрғыны әкімшілік жазаға тартылады, қазыргі кезде тәркіленген сұйықтық сараптамалық тексеруге жіберілді, – деп атап өтті жедел бөлім қызметкері Әділет Кулатаев.

 

Сурет: Polisia.kz

Просмотров (1652)
ТопДок 1