Лента новостей

Абай облысында дауылды ескерту жарияланды

ауа-райы, жел, Абай облысы

2026 жылғы 27 қарашада Абай облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, деп хабарлайды Arnapress.kz Төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап.

Желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жел екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетіп, кей уақыттарда 30 м/с және одан да жоғары болуы күтіледі.

Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға, ауа райының қолайсыздығы кезінде қауіпсіздік талаптарын ескеруге шақырады.

Фото: Жасанды интеллект арқылы

Просмотров (697)