Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығына байқау жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Сыйлық 15 номинация бойынша табысталады. Оның ішінде:
- Үздік волонтерлік ұйым
- Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы
- Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшысы
- Үздік әлеуметтік көмекші
- Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін
- Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге қосқан үлесі үшін
- Денсаулық сақтау мен салауатты өмір салтын дамытуға қосқан үлесі үшін
- Қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін
- Бейбітшілік, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін
- Тарихи-мәдени мұраны сақтауға қосқан үлесі үшін
- Жануарларды қорғау саласындағы үлесі үшін
- және басқа да маңызды бағыттар.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 7–27 қыркүйек 2026 жыл.
Өтінімдер qazvolunteer.kz платформасы арқылы қабылданады.
Әр үміткер тек бір номинацияға қатыса алады.
Өз еңбегіңізді бағалатуға, волонтерлік бастамаңызды танытуға және қоғамға қосқан үлесіңізді көрсетуге тамаша мүмкіндік!
Толық ақпарат: qazvolunteer.kz
Байланыс телефондары: +7 (7172) 74-12-86, 74-03-11.
Волонтерлік - өзгеге көмектесуден басталып, қоғамды өзгертуге ұласады!
