Лента новостей

Абай облысында бейнебақылау камералары құқық бұзушылық анықталуда

камера, құқық бұзушылық, анықталды

Абай облысында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында қоғамдық тәртіп пен тазалықты бақылау жалғасуда, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Полиция мәліметінше, акция басталғалы бері бейнебақылау камералары мен зияткерлік мониторинг жүйелерінің көмегімен 7 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.

Анықталған құқық бұзушылықтардың 6800-ден астамы – қалалар мен елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзу, ал 650-ден астамы - ортақ пайдаланылатын орындарды ластау фактілері.

Барлық құқық бұзушылар анықталып, оларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қолданылған.

Полиция департаментінің хабарлауынша, бейнебақылау жүйелері құқық бұзушылықтарды жедел анықтап, өңірдегі тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектеседі. Осыған байланысты абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Фото: ЖИ

Просмотров (222)
ТопДок 1