Лента новостей

Шымкентте жалған сусындар анықталды

жасанды, сусын, кола

Шымкент қаласында "The Coca-Cola Company" компаниясының ресми өтініші негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізіп, "Coca-Cola" брендімен қолдан жасалған контрафактілік өнімдерді анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап. 

Қала базарларында жүргізілген тексеру барысында ірі көлемде жалған салқындатқыш сусындардың сатылып келгені белгілі болды. Мамандар өнімдерден қолдан жасау белгілерін, таңбалау талаптарының бұзылғанын және құқық иеленушінің рұқсат құжаттарының жоқтығын анықтаған.

Аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158-бабы негізінде әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.

Мамандардың айтуынша, контрафактілік өнімдер тек экономикалық шығын келтіріп қана қоймай, санитарлық талаптардың сақталмауына байланысты тұтынушылардың денсаулығына да қауіп төндіреді.

Әділет департаменті кәсіпкерлерге заңсыз тауар сатқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертіп, мұндай тексерулер алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.

Фото: ҚР Әділет министрлігі

Просмотров (293)
ТопДок 1