Лента новостей

Семейде үшінші жылу электр орталығының құрылысы басталды

ЖЭО-3, Степной, Семей Энерго

Семей қаласының сол жағалауындағы Степной кентінде үшінші жылу электр орталығының (ЖЭО-3) құрылысы басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жобамен танысу мақсатында Абай облысына "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов жұмыс сапарымен келіп, облыс әкімі Берік Уәлимен бірге құрылыс алаңын аралады.

Жаңа нысанның құрылысы бойынша 2025 жылдың қазан айында ҚР Энергетика министрлігі мен «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес ұйымы - "Семей Энерго" ЖШС арасында келісімшарт жасалған. Қазіргі таңда жобаның алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, EPC-келісімшарт негізінде жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.

Жобаның қуаты 405 МВт электр энергиясын және 1000 Гкал/сағ жылу энергиясын өндіруге есептелген. Негізгі отын ретінде "Қаражыра" кен орнының көмірі пайдаланылады. Құрамына әрқайсысы сағатына 650 тонна бу өндіретін төрт қазандық және 135 МВт қуатты үш турбогенератор кіреді. Жалпы аумағы шамамен 190 гектарды құрайды.

Облыс әкімі бұл жобаның өңір үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтіп, жаңа ЖЭО қаладағы энергия тапшылығын азайтып, тұрғындарды тұрақты жылу және электрмен қамтамасыз ететінін айтты.

Құрылыс жұмыстары биыл сәуір айында басталған. Нысанды 2029 жылдың желтоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

"Самұрық-Қазына" басшысы жобаның экологиялық маңызына да тоқталып, заманауи "таза көмір" технологиялары мен газ тазарту жүйелері қолданылатынын, бұл шығарындыларды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беретінін жеткізді. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде сапалы әрі жедел аяқтау қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, қазіргі таңда Семей қаласының сол жағалауында 2, ал оң жағалауында 18 жылыту нысаны жұмыс істейді.

Фото: ЖИ

Просмотров (361)
ТопДок 1