Лента новостей

Фейк ақпарат пен алаяқтық: Алматыда қоғам белсендісі ұсталды

күдікті, үсаталды, Боқаев

Алматы қаласында қылмыстық іс аясында күдікті ұсталды. Бұл туралы Қазақстан Бас прокуратурасы мәлімдеді деп хабарлайды Arnapress.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, тергеу әрекеттері барысында ҚР ҚПК-нің 128–131-баптарына сәйкес С. Бокаев ұсталған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып, қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында бейнематериалдар жариялаған деген күдікке ілінді. Аталған видеоларда жекелеген тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы көрсетілген.

Тергеу нұсқасына сәйкес, С. Бокаев бұл әрекеттерді өзі ұйымдастырып, қаржыландырған болуы мүмкін. Ол үшін табысы төмен азаматтарды тартып, оларға ақшалай сыйақы ұсынып, заңсыз ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген деген болжам бар.

Сонымен қатар, күдікті аса ірі көлемде қаржы қаражатын алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке де ілінуде.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Фото: Жасанды интеллект арқылы

Просмотров (425)
ТопДок 1