Лента новостей

Семейде сот шешімін орындамаған борышкер ұсталды

сот, борышкер, қашу, қарыз

Семей қаласында полиция қызметкерлері сот шешімін орындамаған борышкерді жедел түрде анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап

Қалалық полиция басқармасына жеке сот орындаушысынан 900 мың теңге көлеміндегі қарызды өтеу туралы сот шешімін орындамаған азаматты іздеуге қатысты қаулы түскен.

Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер бір тәулік ішінде 27 жастағы қала тұрғынын анықтады. Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері ҚР ІІМ ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, борышкердің нақты орналасқан жерін белгілеген.

Қазіргі уақытта азаматтан оны жеке сот орындаушыларына жеткізу жөнінде міндеттеме алынған. Алдағы уақытта қарызды өндіру жұмыстарын сот орындаушылары жүргізеді.

Полиция департаментінің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері Абай облысында сот шешімін орындамаған 44 борышкер анықталған.

Құқық қорғау органдары атқарушылық құжаттарды орындамау заңнамаға сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Просмотров (152)
ТопДок 1