Лента новостей

Щучинскідегі жарылыстан қаза тапқандар саны сегізге жетті

қаза тапты, жарылыс, Щучинск

Щучинск қаласындағы дәмханалардың бірінде болған жойқын жарылыстан зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды. Ол Бурабай ауданы аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде ем алып жатқан болатын. Осылайша, қайғылы оқиғадан қаза тапқандар саны сегіз адамға жетті деп хабарлайды Arnapress.kz 24kz сілтеме жасап

Еске салайық, өткен аптада қаладағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде газ-ауа қоспасы тұтанып, күшті жарылыс болған еді. Оқиға салдарынан 28 адам түрлі дәрежеде жарақат алды. Зардап шеккендердің бірқатары ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынған.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (436)
ТопДок 1