Лента новостей

Отбасы банк біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану бойынша өтінімдерді қайта қабылдайды

зейнетақы, Отбасы банк, ипотека

Отбасы банк тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға өтінім қабылдауды қайта бастайды, деп хабарлайды Аrnapress.kz Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, өтінімдер 2 наурыз, дүйсенбіден бастап қабылдана бастайды.

Еске сала кетейік, қаңтар айының соңында банк БЗТ қаражатын несие бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеуге пайдалану өтінімдерін уақытша тоқтатқан болатын. Отбасы банк мәліметінше, бұл шешім қашықтан қызмет көрсету жүйелерін, мобильді қосымшаны және otbasybank.kz порталындағы жеке кабинетті жаңа талаптарға сәйкестендіру қажеттігіне байланысты қабылданған. Бұған дейін тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін БЗТ пайдалану қағидаларында “берешек” ұғымы “негізгі қарыз” терминімен ауыстырылған.

“Бұл дегеніміз, енді зейнетақы жинағындағы артық қаражатты несие бойынша ішінара немесе мерзімінен бұрын толық өтеу кезінде тек негізгі қарызды жабуға ғана пайдалануға болады. Бұрын “берешек” ұғымына кіретін ай сайынғы төлемді біржолғы зейнетақы төлемі есебінен толық өтеу мүмкін емес. Несие бойынша пайыздар мен ай сайынғы төлем құрамына кіретін өзге де ілеспе төлемдерді қарыз алушы өз қаражаты есебінен төлеуі тиіс.”, - дейді Отбасы банк 

Осы өзгерістерге байланысты Отбасы банктегі қарызды ішінара және толық өтеу тетігі жаңартылып, өтінім қабылдау уақытша тоқтатылған.

“Алдағы уақытта бұл операция екі бөліктен тұрады: алдымен несие бойынша сыйақы мен өзге де ілеспе төлемдер қарыз алушының жеке қаражаты есебінен төленеді, содан кейін негізгі қарыз зейнетақы жинағындағы артық қаражат есебінен өтеледі. Ол үшін Отбасы банктегі ағымдағы және арнайы шотта қаражаттың болуын алдын ала қарастыру қажет.”, - деді хабарлады  Отбасы банк

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (437)
ТопДок 1