Лента новостей

Щучинскіде кафеде жарылыс болды

жарылыс, кафе, Щучинск

Щучинск қаласында орналасқан "Центр плова" дәмханасында жарылыс болып, соның салдарынан өрт шықты, деп хабарлайды Arnapress.kz Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 26 ақпан күні кешкі уақытта бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан бір қабатты кафеде газ-ауа қоспасының жарылысы тіркелген. Жарылыстан кейін ғимаратта өрт тұтанған.

Хабарлама түскеннен кейін бес минут ішінде оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары жеткен. Өрт сөндірушілер жанып жатқан ғимараттан сегіз газ баллонын сыртқа шығарып, 10-нан астам адамды құтқарған.

Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға салдарынан 20-ға жуық адам зардап шегіп, алты адам қаза тапты.

Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілген. Құтқарушылар үйінділерді аршу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталуда.

Ақмола облысы ТЖД жанынан 8 (7162) 514-298 нөмірі бойынша жедел желі ашылған.

Фото: Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен

Просмотров (191)
ТопДок 1