Рамазан айында пойыздардағы вагон-ресторандар арнайы кестеге көшеді, деп хабарлады Arnapress.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған тәртіп 40 вагон-ресторанда енгізіледі.
"Вагон-ресторандар күн сайын сағат 8:00-ден түнгі 24:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Ораза ұстаушыларға ыңғайлы болу үшін сәресі уақытында – сағат 04:00-ден 05:00-ге дейін ашық болып, жолаушыларға ораза басталғанға дейін таңғы астарын іше алады", - деп жазылған хабарламада.
Рамазан айында вагон-ресторандарда арнайы әзірленген мәзір топтамалары ұсынылады. Ауызашар кезінде вагон-ресторандарда жолаушыларға су мен құрма тегін беріледі. Бұл уақытта пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды.
Фото: жасанды интеллект арқылы
