15 наурызда өтетін жаңа Конституция бойынша референдумға арналған бюллетень үлгісін көрсетті, деп хабарлайды Аrnapress.kz ҚР Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сілтеме жасап
Бюллетеньде: "Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген сұрақ берілген.

Дауыс берушілерге екі жауап нұсқасы ұсынылады: "Иә, қабылдаймын" және "Жоқ, қабылдамаймын". Азаматтар таңдаған жауаптың оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгі қояды.
Сұрақ пен жауап нұсқалары қазақ және орыс тілдерінде жазылған.
Фото: жасанды интеллект арқылы
