Лента новостей

Бес асық арқылы биік белеске: Қызылқоға оқушыларының жеңісті жолы

Бес асық, ұлттық ойын, жүлдегергер

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі. Сонымен қатар Қызылқоға аудандық "Ұлан" балалар мен жасөспірімдер клубында "Бес асық" ұлттық ойыны бойынша жаттықтырушы Қайрат Өміргүл Қайратқызының истаграм желісінде асық үйреткен видеосын көріп Arnapress.kz тілшісі байланысқа шығып, сұхбаттасты. 

“Ұлттық спорт түрі — бес асықты 2023 жылдан бастап жүйелі түрде үйретіп келемін. Алғашында ойынды өз бетімше меңгеріп, кейін Атырау облысы бойынша бес асықтан аға жаттықтырушы, 1-санаттағы спорт төрешісі, жерлесім Мейрамгүл Жұмағалиевадан кәсіби жетекшілігінен өттім” , - дейді Өміргүл Қайрат

Бес асық – қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі. Бұл ойын балалардың физикалық дамуына, ептілікке, тапқырлыққа, сондай-ақ ойлау қабілетін арттыруға бағытталған.

"Бес асық" — еліміздің көптеген өңірлерінде қарқынды дамып келе жатқан ұлттық спорт түрлерінің бірі. 
Қысқа уақыт ішінде шәкірттері бірқатар жетістіктерден көрініп, биік белестерді бағындырып жүрген көрінеді. 

“Қазіргі таңда 2013–2016 жылдары туған оқушылармен тұрақты жұмыс жүргізіп келемін. 2022–2023 оқу жылында облыстық Ұлттық мектеп лигасында және Атырау облысы чемпионаттарында (2011–2013, 2014–2016 жылдары туғандар арасында) жүлделі III орындарға ие болдық. Ал 2024–2025 оқу жылында облыстық Ұлттық мектеп лигасында 5–6 сынып қыздар арасында III орын алса, 2025–2026 оқу жылында аудандық Ұлттық мектеп лигасында 5–6 және 7–8 сынып қыздары арасында I орын жеңіп алды. Қазіргі уақытта команда облыстық кезеңге қызу дайындық үстінде”, - дейді кейіпкеріміз. 

 

Негізгі мақсаты — ұлттық ойынды кеңінен насихаттау, жас ұрпақты тәртіпке, төзімділікке, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу және үлкен спорттық жетістіктерге жетелеу басты ұстанымы екен. Ендеше, табыстар тілейміз!

Просмотров (157)
ТопДок 1