Лента новостей

"7-20-25" бағдарламасына қатысты алаяқтық: Астанада делдал сотталды

7-20-25, сотталды, сот үкімі, Астана қаласы

Астанада Instagram әлеуметтік желісі арқылы азаматтарды алдаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Аrnapress.kz Астана қаласы прокуратурасына сілтеме жасап

Тергеу мәліметінше, 2021–2025 жылдар аралығында 30 жастағы ер адам өзін ипотекалық делдал ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кірген. Ол әлеуметтік желі арқылы баспана алуға көмектесемін деген уәдемен және инвестициялық ұсыныстармен адамдардан қомақты қаражат алған.

“Ол “7-20-25” бағдарламасы арқылы баспана алып беруге көмектесемін және жиһаз жобасына тиімді инвестиция ұсынамын” деп азаматтарды алдап, ірі көлемде қаражат аудартқан. Алайда ақшаны өз қажетіне жұмсаған”, – делінген хабарламада.

Аталған қылмыстық әрекеттен барлығы 25 адам зардап шеккен. Келтірілген материалдық шығын көлемі 95 миллион теңгеден асқаны анықталды.

Сот үкімімен айыпталушы 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Просмотров (313)
ТопДок 1