Лента новостей

Семей қаласында жаңа жылдық безендіру байқауы өткізіледі

​2022 жылғы 1-21 желтоқсан аралығында "Семей қаласының ғимараттарының қасбеттері мен оған іргелес аумақтарды жаңа жылдық безендіру" қалалық байқауы өткізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz Семей қаласының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конкурсқа заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, бюджеттік ұйымдар, Семей қаласының тұрғындары қатыса алады.

Конкурс мынадай номинациялар бойынша өткізіледі:

  • "Кәсіпорынның қасбетін, іргелес аумақтарды ұйымдастырудың үздік жаңа жылдық безендірілуі";
  • "Тұтыну нарығы объектілерінің (сауда үйлері, базарлар, супермаркеттер) қасбеттері мен іргелес аумақтарын Үздік жаңа жылдық безендіру";
  • "Көппәтерлі үйлердің аула аумағын Үздік жаңа жылдық безендіру";

Өтінімдер 2022 жылғы 1-11 желтоқсан аралығында "Абай облысы Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ Семей қаласы, Абай көшесі, 97 мекенжайы бойынша немесе cbs_semey@mail.ru электрондық поштаға қабылданады. Анықтама телефоны: 56-08-10.

Фото: Arnapress.kz, Семей қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі

Просмотров (2317)
ТопДок 1