Лента новостей

Семейлік оқушы Президенттік олимпиадада жеңімпаз атанды

Семей қаласындағы ФМБ НЗМ-нің 12-сынып оқушысы Ермек Әзбергенов ХV Президенттік олимпиадада жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Arnapress.kz Семей қаласының ФМБ НЗМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

200-ге жуық дарынды жастар қатысқан олимпиада 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өтті.

"Жаратылыстану-математика циклы пәндерін қамтыған білім бәйгесінің жеңімпазы Ермек Әзбергеновке І дәрежелі диплом, медаль және Қазақ-Британ техникалық универитетіне грант берілді", − деп хабарлайды Семей қаласының ФМБ НЗМ-нің баспасөз қызметі.

Фото: Семей қаласының ФМБ НЗМ баспасөз қызметі

Просмотров (2447)
ТопДок 1