Лента новостей

Семей жастары жұмысшыларға ыстық шәй мен бәліш таратты

Семей жастары жұмысшыларға ыстық шәй мен бәліш таратты, деп хабарлайды Arnapress.kz Семей қаласының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"-35 градус аязда еңбек етіп жатқан көшебойындағы техникалық қызметкерлердің еңбегін жоғары деп бағалаймыз. Себебі, осы бір аязға қарамастан еңбегіне адал азаматтар әрқашан мына біз жастарға үлгі деп білемеін", – дейді студенттік парламент спикері Мерей Сырымұлы.

Акцияның мақсаты күннің суығына қарамастан, қала тазалығына үлес қосып жүрген қызметкерлерге жылулық сыйлау.
Ұйымдастырушылардың айтуынша акция алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Фото: Семей қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі

Просмотров (3123)
ТопДок 1