Лента новостей

Семейде Наурызнаманың онкүндігі Көрісу күнімен басталды

көрісу күні, Қарағайлы, Семей көктемі

Семейде Әз-Наурыз мерекесін тойлау басталды. Наурызнаманың 10 күндігі аясында 14 наурыз – Көрісу күніне орай Қарағайлы шағын ауданында "Семей көктемі" фестивалінің шымылдығы түрілді, деп хабарлайды Arnapress.kz

Мерекелік шараның ашылу салтанаты Қарағайлыдағы Республика алаңында өтті. Алаңда киіз үйлер тігіліп, алтыбақан құрылып, ұлттық мерекенің ерекше атмосферасы сезілді.

Салтанатты жиында облыс әкімі құттықтау сөз сөйлеп, тұрғындарды Көрісу күнімен және алда келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады. Мерекелік бағдарлама барысында сахналық қойылымдар ұсынылып, өңірдің жас әншілері әннен шашу шашты.

Фестивальге жиналған қала тұрғындары бір-бірімен көрісіп, ізгі тілектерін айтып, мерекелік көңіл күйге бөленді.

Қала тұрғындарының бірі барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.


Қазақ елін Амал мерекесімен, алда келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! - деді ол.

 

Гүлнұр Ахметжан

Фото, видео: Arnapress.kz

Просмотров (353)
ТопДок 1