Алматыда TikTok әлеуметтік желісіне дипломын жыртып жатқандай бейнеролик жариялаған колледж түлегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Алматы қаласының ПД сілтеме жасап.
Полицияның хабарлауынша, тексеру барысында бейнежазбада пайдаланылған заттың диплом мұқабасының көшірмесі екені анықталды. Ал түлектің түпнұсқа дипломы, оған қоса берілетін қосымшасы және оқу орны берген ресми мұқабасы бүлінбеген.
Соған қарамастан, жарияланған бейнеролик әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, қоғамда қызу талқылау туғызған. Осыған байланысты полиция тексеру жүргізіп, бейнежазба авторын Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Фото: Алматы қаласының ПД видеодан скрин
