Лента новостей

Павлодарда коммуналдық апатқа байланысты бірқатар үйлер сусыз қалды

Павлодардағы Ортлық мешіт ауданданындағы су құбырында коммуналдық апат орын алды

Қайырбаев – Назарбаев көшелерінде су құбырларынан ақау шығып,апат болды,, -  деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Pavlodarnews.kz. сайтының жазуы бойынша Қайырбаев көшелеріндегі көпқабатты 88, 80, 98, 104, 107 тұрғын үйлерде және мешітте  сондай-ақ Назарбаев көшесі  24 үй бойынша суық су беру уақытша тоқтатылды.Сусыз қалған тұрғындарға су жеткізу шаралары ұйымдастырылған.

Апат салдарын жоюмен "Павлодар-Водоканал" ЖШС айналысып жатыр.

"Қазіргі уақытта құбырдың тесілген жері  және зақымдану ауқымы белгіленуде. сол арқылы құбырды жөндеуге немесе ауыстыруға қанша уақыт кететіні анықтайды. Жұмыстың аяқталғаны туралы қосымша хабарлаймыз", - деп жауап берді кәсіпорында.

Сурет: pixabay

Просмотров (3360)
ТопДок 1