Ақтөбе облысында КамАЗ бен жеңіл автокөліктің соқтығысуынан 4 шетел азаматы қаза тапты
Ақтөбе облысында жол апатынан 4 шетелдік қаза тапты, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
4 наурызда солтүстік айналма жолда КамАЗ бен Cobalt жеңіл автокөлігі соқтығысқан. Жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапқан. Бәрі - Өзбекстан Республикасының азаматтары. Осы іске қатысты соталды тергеу басталған.
Сурет:Tengrinews.kz