Лента новостей

Ақсуат ауданының ауруханасыда лапароскопиялық оталар санын арттыру жоспарланған

ота бөлмесі

Ақсуат ауруханасы жаңа медициналық жабдықтармен толығуда.

Абай облысының Ақсуат ауданының аурухананасына қазіргі заман талабына сай медициналық техникалар сатып алынды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында Ақсауат ауданда дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер салынып жатыр. Бүйрек созылмалы жетіспеушілігімен есепте тұратын науқастар үшін гемодиализ орталығы ашылды. Ауруханаға қазіргі заман талабына сай медициналық техникалар сатып алынды.

"Ақсуат аудандық ауруханасы биыл заманауи медициналық құралдармен жабдықталып, босану бөлімшесін 2-ші деңгейлі ұйымға айналдыру, лапароскопиялық оталар санын арттыру және ерте диагноз қою жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, мамандардың білімін жетілдіріп, ауруханаға күрделі жөндеу жүргізілмек", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Ақсуат аудандық ауруханасы өңір тұрғындарына алғашқы медициналық–санитарлық, кеңестік-диагностикалық, стационарлық, стационар алмастырушы көмек түрлерін көрсетеді.

Ауруханаға қарасты 10 дәрігерлік амбулатория, 11 медициналық және 1 фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Медициналық мекемеге 17 115 адам тіркелген. 2579 адам жылжымалы медициналық кешен арқылы қаралған. Былтыр ауданда 291 сәби дүниеге келген.

Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Просмотров (4926)
ТопДок 1