Лента новостей

Семейде екі автобус бағыттары уақытша өзгереді

автобус, маршрут, өзгеріс

Семей қаласында Абай көшесіндегі автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты 20 шілдеден бастап №2 және №35 автобус маршруттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Жаңа бағыт бойынша автобустар "Shygys Mall" аялдамасынан кейін Шайжүнісов көшесімен жүріп, Жұмабаев, Найманбаев және Қ. Мұхамедханов көшелері арқылы өз бағыттарын жалғастырады. Кері бағыттағы қозғалыс та осы сызба бойынша ұйымдастырылады.

Уақытша өзгерістер жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін сақталады. Қала тұрғындары мен қонақтарына сапарларын алдын ала жоспарлап, енгізілген өзгерістерді ескеруге кеңес беріледі.

Фото: ЖИ

Просмотров (525)
ТопДок 1